Қазақстанда ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында ел тұрғындарының ипотекалық және автонесиеге деген сұранысы азайған.
Ұлттық банк ипотекалық қарыздарға сұраныстың төмендеуін бірнеше фактормен байланыстырды. Атап айтқанда, бірқатар екінші деңгейлі банктердің сыйақы мөлшерлемелерін көтеруі және тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің қысқаруы тұрғындардың баспана несиесіне қызығушылығына әсер еткен.
Сонымен қатар елде автонесиеге сұраныс та бәсеңдеген. Сарапшылар мұны жаңа автокөліктер бағасының арзандауымен түсіндіреді.
Бағаның төмендеуі автодилерлер ұсынатын субсидияланған несие бағдарламаларына деген қажеттілікті азайтқан.