Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар көлемі 5 триллион теңгеге жетті
2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулар көлемі 5 триллион теңгеге жетті.
Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 400 миллиард теңгеге көп. Бұл туралы қаржы вице-министрі Даурен Кенбеил Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Тендерлер мен келісімшарттар саны күрт артқан:
Тендер саны – 607 мыңнан 692 мыңға өсті.
Келісімшарттар – 464 мыңнан 700 мыңға дейін көбейді.
Неліктен өсім байқалды? Жаңа заңның арқасында:
Конкурс мерзімі екі айдан 10 күнге дейін қысқартылды.
Бір ғана өтінім түссе де, талаптарға сай болса — конкурс жарамды деп танылады.
Антидемпингтік шаралар, қатаң іріктеу талаптары, жалақы бойынша қарызы бар компанияларға шектеу енгізілді.
Нәтижесінде:
Шағым саны азайды: былтырғы 7623-ке қарсы 6737.
Жүйе тұрақты, ашық жұмыс істей бастады.
Шағын және орта бизнеске қолдау:
50 мың МРП-ға дейінгі тауарлар мен қызметтер тек қазақстандық ШОБ-тан сатып алынады.
Аванс төлеу міндетті, қамтамасыз ету талаптары жеңілдетілген, айыппұл мөлшері төмендетілген.
Сатып алулардың цифрлануы:
Бірқатар салаларда жеңімпазды баллдық-рейтингтік жүйе автоматты түрде анықтайды.
Адам факторын азайту арқылы жемқорлық тәуекелі төмендейді.
Біріккен платформа құрылды Мемлекеттік, квазимемлекеттік және «Самұрық-Қазына» қорының барлық сатып алулары бір жүйеге біріктірілді. Бұл — сатып алу жүйесін толық интеграциялауға жасалған алғашқы қадам.