Қоғам

Қазақстанда мұғалімдердің өз оқушыларына репетитор болуына шектеу қойылуы мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің өз шәкірттеріне ақылы түрде қосымша сабақ беруіне шектеу енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы министр Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Фото: из открытых источников

Министрдің айтуынша, мұғалім негізгі қызметі үшін мемлекеттен жалақы алады, сондықтан өз сыныбындағы оқушыға қосымша ақылы сабақ беру этикалық тұрғыдан да талқылауды қажет етеді

«Мемлекет осы балаға қаражат бөліп отыр. Сол балаға сапалы білім беру – мұғалімнің қаржысы төленген миссиясы. Бұл мәселені ұстаздар шектеуге жеткізбей-ақ түсінеді деп ойлаймын», – деді министр.

Қазіргі уақытта бұл бастама талқылау кезеңінде екені айтылды.

Сайт Әкімшілігі