Әлеумет

Қазақстанда Назарбаевқа жаңа жүрек отасы жасалды деген ақпарат жоққа шығарылды

Әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне қайта ота жасалып, ауруханада жатыр деген ақпарат тарады.

Фото: РИА Новости / Санат Имангалиев

Алайда University Medical Center баспасөз қызметі бұл мәліметтердің ескі екенін мәлімдеді. Бұл туралы Centralmedia24 хабарлады.

«Жұртшылықты жаңылыстырмас үшін шындыққа сәйкес келмейтін немесе ескірген ақпараттарды таратудан бас тартуға шақырамыз», — деді кардиохирургтың баспасөз хатшысы.

Бұған дейін кейбір БАҚ операцияны танымал кардиохирург Юрий Пя жасағанын жазған. Алайда UMC таратқан түсіндірмеге сәйкес, әңгіме жаңа операция туралы емес, 2023 жылғы ескі ақпараттың қайта таралуы жөнінде болып отыр.

Еске салсақ, 2023 жылдың қаңтарында Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғаны туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай операция сәтті өткенін, өміріне қауіп жоқ екенін және экс-президент дәрігерлер бақылауында екенін хабарлаған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Назарбаев