Әлеумет

Қазақстанда орташа жалақы 461 мың теңгеден асты

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Фото: из открытых источников

Ресми дерекке сәйкес, орташа жалақы өткен жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға өскен. Алайда инфляция деңгейі ескерілгеннен кейін нақты өсім 2,3 пайызға төмендегені анықталған.

Ең жоғары орташа жалақы тіркелген өңірлер қатарында:

Маңғыстау облысы – 659 801 теңге;

Ұлытау облысы – 655 995 теңге;

Атырау облысы – 652 950 теңге.

Ал медианалық жалақы – 331 527 теңге деңгейінде. Бұл көрсеткіш ел тұрғындарының жартысы осы сомадан төмен, ал жартысы жоғары табыс табатынын білдіреді.

Жалақы өсімі ең жоғары байқалған салалар:

• ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%;

• қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%;

• сумен жабдықтау және қалдықтарды өңдеу – 16,5%;

• энергетика саласы – 14,7%;

• көлік және қоймалау – 12,9%;

• өнеркәсіп – 11,6%.

Сонымен қатар әлеуметтік салада да өсім тіркелген. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласындағы жалақы 7 пайызға, ал білім беру саласында 4,2 пайызға артқан.

Сайт Әкімшілігі