Қоғам

Қазақстанда ойын бизнесіне қатысты комитет құрылады

ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитеті қайта құрылуы мүмкін.

Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің құрамынан Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетін бөлу жолымен қайта құру туралы шешім қабылдады», - делінген құжатта.

Қаулы жобасын қабылдау аталған комитетке салалық мәселелерді дербес және тиімді шешуге мүмкіндік беретіні айтылған.

Nurbike Beksultan
Тегтер: туризм