Қоғам

Қазақстанда петиция қаралу үшін жинау қажет қол саны артуы мүмкін

Қазақстанда петицияны қарауға қабылдау үшін жиналатын дауыс мөлшерінің шегі артуы мүмкін. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Фото: pixabay.com

Қазір петицияның ресми орындарға тіркелуі үшін 50 мың қол жеткілікті. Енді министрлік оның саны көбеюі мүмкін екенін айтады.

Қоғамда дауыс санын көбейту туралы сұрақтар қазірдің өзінде көтеріліп жатыр. Бір-бірімен келіспейтін партиялар петицияға қажет қол санын және қарастырып жатқан мемлекеттік органдардың санын көбейту керек дейді. Біз бұл мәселені қарастыруымыз керек. Себебі қоғам екіге бөлініп, қарама-қайшылықтар тумауы тиіс, тұрғындардың, азаматтардың пікірін тыңдау маңызды, – деді Балаева сенат кулуарында.

Министр қажетті дауыстың шегі қаншаға көтерілетінін нақтыламады. Алайда, қазір 50 мың дауыс жинаған екі петиция қаралатынын айтты.

"Екі петиция да ресми түрде қаралады, өйткені ереже бойынша жұмыс топтары құрылады, оның ішінде қоғамдық пікірталастар да болады. Біз олардың пікірін ескеруіміз керек", – деп қосты ақпарат министрі.

Nurbike Beksultan
Тегтер: Аида Балаева