Қоғам

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болуы мүмкін

"Ашық НҚА" порталында Көлік министрлігінің"Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрық жобасы жарияланды.

Фото: arnapress.kz

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолының Үшарал-Достық учаскесі ақылы негізде пайдалануға берілмек.

"Республикалық маңызы бар II санаттағы Үшарал – Достық жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы ақылы негізде қолданылады; Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – км 0+000, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – км 180+0001", делінген құжатта.

Ақылы жолдың ұзындығы 180 км болмақ. Автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы жолдағы ақы мөлшерлемесі белгіленді.

Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. 

Nazym Sapar
Тегтер: Ақылы жол