Әлеумет

Қазақстанда тұруға ықтияр хат алу талаптары күшейтіледі - БАҚ

Қазақстанда тұруға ықтиярхат (ВНЖ) алу ережелері қатаңдатылып жатыр. Жаңа талаптарға сәйкес, енді үміткерлерден қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеру талап етіледі.

Фото: из открытых источников

Бұл туралы DW хабарлады.

2026 жылғы 13 сәуірден бастап Қазақстанға қоныс аударған Ресей мен Украина азаматтары, соның ішінде қандастар да, ВНЖ алуға өтініш беру кезінде жаппай бас тартуға тап болған. Релоканттар чаттарында олардың көпшілігі қазақ тілінен міндетті тесттен өте алмағанын жазған. Бұған дейін ресми сайтта A1 (бастапқы деңгей) көрсетілсе, іс жүзінде талаптың B2 деңгейіне дейін көтерілгені айтылған. Алайда бұл өзгеріс ресми түрде расталмаған.

Негізгі талап – B1 деңгейіндегі қазақ тілі

Үкіметтегі дереккөздердің айтуынша, нақты талап – қазақ тілін кемінде B1 деңгейінде меңгеру. Бұл – күнделікті тақырыптарда еркін сөйлесу және мәтіндердің негізгі мағынасын түсіну деңгейі.

Сонымен қатар, ВНЖ беру құзыреті енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілген. 13 ақпаннан бастап «цифрлық скоринг» жүйесі енгізілді. Бұл – шетел азаматтарының төлем қабілеттілігі мен сенімділігін автоматты түрде бағалайтын жүйе.

Скоринг барысында келесі факторлар тексеріледі: – отбасы құрамы

– білімі;

– жұмыс тәжірибесі;

– кәсіби дағдылары;

– денсаулық жағдайы;

– Қазақстандағы туыстарының болуы.

Басымдық ел экономикасына қажет мамандарға беріледі.

Ірі қалаларға жол жабылып жатыр

Жаңа ережелер бойынша ВНЖ-ға өтініш тек үкімет белгілеген жеті өңірде қабылданады. Олардың қатарында:

– Ақмола облысының кей аудандары;

– Абай облысы;

– Шығыс Қазақстан облысы;

– Қостанай облысы;

– Павлодар облысы;

– Солтүстік Қазақстан облысы;

– Ұлытау облысы.

Ал халқы 1 миллионнан асатын Алматы, Астана және Шымкент қалалары бұл тізімге кірмейді. Яғни бұл мегаполистер ВНЖ алушылар үшін іс жүзінде жабық болмақ.

Қосымша сұхбат және іріктеу

Үміткерлер жергілікті атқарушы органдарда арнайы сұхбаттан өтеді. Егер барлық кезеңнен сәтті өтсе, оған ВНЖ рәсімдеуге мүмкіндік беретін хабарлама беріледі.

Жаңа талаптар барлық шетел азаматтарына қатысты болады — тек ресейліктер мен украиндықтарға емес, Орталық Азия елдері мен Қытай азаматтарына да бірдей қолданылады.

Қазіргі уақытта жаңа миграциялық саясаттың толық ережелері ресми түрде жарияланбаған. Алайда жақын күндері Үкімет ресми ресурстар арқылы толық ақпарат ұсынуы тиіс.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ықтияр хат