Әлеумет

Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алған ресейліктер саны азайып келеді

Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алған Ресей азаматтарының саны жыл сайын төмендеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Азаттық радиосына берген ресми жауабында мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Ресми деректерге сүйенсек, соңғы жылдары көрсеткіш айтарлықтай қысқарған:

🔺2022 жылы – 138 259 адам;

🔺2023 жылы – 112 685;

🔺2024 жылы – 77 542;

🔺2025 жылы – 69 894.

Ал 2026 жылдың алғашқы үш айында 13 989 Ресей азаматына уақытша тұруға рұқсат берілген.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан заңнамасына сәйкес шетел азаматтарына уақытша тұруға рұқсат бір жылға дейін рәсімделеді. Сарапшылар мұндай төмендеуді көші-қон саясатының өзгеруімен, сондай-ақ аймақтағы экономикалық және геосаяси факторлармен байланыстырады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ықтияр хат