Қазақстандағы балалар саны 6,9 миллионға жетті
Қазақстанда 18 жасқа толмаған балалар саны 6,9 миллионға жетті. Бұл туралы Балаларды қорғау күні қарсаңында жарияланған мәліметтерден белгілі болды.
Статистикаға сәйкес, еліміздегі ең көп бала Түркістан облысында тұрады. Өңірде 910 мыңнан астам бала бар. Екінші орында Алматы қаласы – мұнда 689 мың бала тіркелген. Үздік үштікті 572 мың бала тұратын Алматы облысы түйіндейді.
Балалар мерекесіне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтап, отбасы институтын нығайтудың маңызын атап өтті.
Президент өз үндеуінде жаңа Конституцияда отбасы мен баланы қорғауға ерекше мән берілгенін айтып, бұл мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін жеткізді.
«Отбасы құндылықтарын қорғау – жаңа Конституцияның аса маңызды нормаларының бірі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.