Қоғам

Қазақстандағы ең жас миллионерлер кімдер?

ДДСҰ 18 бен 44 жас аралығындағы азаматтарды жастар санатына кіреді деп бекіткен. Forbes Kazakhstan еліміздегі ең ауқатты 75 кәсіпкердің жаңартылған рейтингін жариялады.

Фото: forbes.kz

Тізімде 44 жасқа дейінгі жас миллионерлер мен миллиардерлер де жеке санат ретінде көрсетілген.

41 жастағы Нұрали Әлиев 280 млн АҚШ доллары көлеміндегі байлығымен рейтингте 41-орынға тұрақтады. Ол Дубайдағы Donatello Hotels and Resorts қонақүй желісі мен Алматыдағы Donatello Boutique Hotel-дің иесі ретінде белгілі.

Тізімге сондай-ақ Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің қызы 44 жастағы Айжан Есім енген. Оның байлығы 207 млн долларға бағаланған. Бұл капиталды ол «Қазфосфаттағы» үлесін сатудан тапқан.

Биылғы тізімге алғаш рет 35 жастағы Шахмұрат Мүтәліп еніп, бірден 22-орынға жайғасуы. Оның дәулеті 482 млн доллар деп көрсетілген. Ол Integra Construction KZ компаниясының бенефициары ретінде құрылыс саласында жұмыс істейді.

Жас кәсіпкерлер қатарында сондай-ақ тізі де Тимур Турлов, Алмаз Әлсенов, Ғалымжан Есенов, Айғазы Құсайынов пен Асқар Байтасов бар.

Сайт Әкімшілігі