Әлеумет

Қазақстандағы жеке арал 10 млн долларға сатылымға шықты

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында орналасқан жеке арал 10 млн долларға сатуға шығарылды.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Курсив басылымы хабарлады.

Брокерлік агенттік жариялаған суреттерді карта деректерімен салыстырғанда, сөз Үлкен Қаз аралы туралы болып отырғаны анықталған.

Аралдың жалпы аумағы – 225 гектар. Онда әзірге ешқандай құрылыс нысаны жоқ. Кадастрлық құны шамамен 1 млн 606 мың теңге, алайда бұл тек салық пен есепке алу үшін белгіленген баға, нарықтық құнын білдірмейді.

Мәліметке сәйкес, аралдағы төрт жер телімі «Мұхит-Бура» компаниясына тиесілі. Компанияның алғашқы басшысы әрі жалғыз құрылтайшысы – Исатай Қайырғазы.

Adata деректеріне қарағанда, Исатай Қайырғазы Altay Polymetal компаниясымен байланысты. Қазір бұл кәсіпорынды Қайрат Қайырғазы басқарады. Ал олардың әкесі Сәбет Мұхитов – «Өскемен полиметалл концентраттары зауыты», «Сибмодель» және Ecosilicon компанияларының құрылтайшысы.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Арал