Қазақстанды «штрафстан» деген стример елден шығарылды
Әлеуметтік желіде Fassoollka лақап атымен танымал ресейлік стример Ксения Гузаева Қазақстанға қатысты арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.
Сот шешімімен оған Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге шектеу қойылған.
Астана полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында шетел азаматы Г.К.-ның тікелей эфир кезінде Қазақстанға қатысты даулы және әдепсіз пікірлер айтқаны анықталған.
Бұған дейін Ксения Гузаева тікелей эфирлерінің бірінде Қазақстанды «Мамбетстан», «Штрафстан» деп атап, қазақ халқына қатысты балағат сөздер айтқан. Сондай-ақ Павлодарды Ресейге тиесілі қала ретінде атаған. Бұл мәлімдемелер әлеуметтік желіде үлкен наразылық туғызған еді.