Қоғам

Қазақстандықтар Астана күнінде қанша күн демалады?

Жыл сайын 6 шілдеде атап өтілетін мемлекеттік мереке 2026 жылы дүйсенбі күніне сәйкес келіп отыр.

Фото: ашық дереккөзден

Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар 4, 5 және 6 шілде күндері қатарынан үш күн демалады.

Ал алты күндік жұмыс кестесіндегі қызметкерлер үшін демалыс 5 және 6 шілде күндеріне белгіленген.

Еске салсақ, мереке күндері мен демалыс күндерінің сәйкестігіне байланысты жұмыс және демалыс режимі қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Сайт Әкімшілігі