Саясат

Қазақстандықтарды Ресейдің Орлов облысынан күштеп шығарып жіберді

Жыл басынан бері Орлов облысынан 70 заңсыз мигрант еліне қайтарылды.

Фото: ашық дереккөз

 Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Конго, Камерун, Бангладеш және Египет азаматтары бар.

Ресей билігінің мәліметінше, шетелдіктер елге кіру ережелерін бұзған, көші-қон тәртібін сақтамаған немесе заңсыз жұмыс істеген.

– Заңсыз мигранттарға қатысты Ресей Федерациясынан күштеп шығару туралы сот шешімі шықты. Бұл шара Орлов облысының сот орындаушылары арқылы орындалды, - делінген ресми хабарламада.

Күштеп шығару рәсімі арнайы құжаттар толтыруды, мигрантты мемлекеттік шекарадағы өткізу бекетіне жеткізуді және оны Ресейдің ФСБ шекара қызметіне ресми тапсыруды қамтиды.

Сайт Әкімшілігі