Қоғам

Қазақстанда алдағы алты айда оң рульді көліктерді әкелуге тыйым салынды

Тиісті бұйрыққа Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қол қойды. Құжат 16 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

«Қазақстан аумағына бөлшектелген оң рульді жеңіл автокөліктерді алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін... Бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және құрылыс вице-министріне жүктелсін», - делінген хабарламада. 

Бұйрық алты мемлекеттік органмен келісілген және 16 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Өткен жазда оң рульді көліктерді әкелуге тыйым салу туралы мәселе қоғамдық талқылауға шығарылған болатын.

 

Сайт Әкімшілігі