Қоғам

Қазақстаннан Ресейге әскери техника жіберіле бастады

24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресейде «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу – 2026» және «Эшелон – 2026» атты әскери оқу-жаттығулар өтеді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Осыған байланысты 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстаннан Ресейдің Челябі облысындағы Мисящ станциясына әскери техника мен жеке құрам жеткізіліп, оқу-жаттығу аяқталған соң кері қайтарылады.

Жаттығу барысында әскери қызметшілер далалық дайындықтан өтіп, бөлімшелерді басқару, саптық дайындық және түрлі тапсырмаларды орындау дағдыларын пысықтайды.

Бұл оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери даярлық жоспарына сәйкес өткізіледі.

Сайт Әкімшілігі