Қазақстанның 27 университеті QS халықаралық рейтингіне енді
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі басшысы Саясат Нұрбек Қазақстанның 27 жоғары оқу орны QS халықаралық рейтингіне енгенін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда қазақстандық университеттердің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері тұрақты түрде жақсарып келеді. Қазір отандық бірқатар жоғары оқу орындары әлемнің топ-200, топ-300 және топ-500 университеттері қатарына кірген.
Үздік нәтижелердің бірін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көрсетіп, әлемдік рейтингте 163-орынға жайғасқан.
Сонымен қатар алғаш рет Қазақстанның бес университеті Times Higher Education рейтингінің әлемдегі үздік 300–400 жоғары оқу орны тобына енді.