Қоғам

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов қолжазбаларын архивке тапсырды

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбалары мен ордендерін архивке тапсырды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Асанәлі Әшімовтың жеке қоры архивке 438-ші болып тіркелді. Құжаттар саны 200-ден асады. Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары архивтегі заттарды алдын-ала өтінім беру арқылы көре алады. 

Қазақстанның Еңбек Ері біз ары кетсе жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды дейді.

"Бұл деген сөз - тарих. Келешекке керек. Келешек ұрпаққа керек. Әр қойылған экспонат бұл тарихи еңбектерің сенің жазған. Түскен суреттерің. Фильмнен, театрдан кадрлер бар. Мұның барлығы тарих", - деді Асанәлі Әшімов.
Сайт Әкімшілігі