Қоғам

Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді

1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

"Жыл сайын көктем мезгілінде республикалық маңызы бар жолдарды қыстан кейін сақтау және күтіп ұстау үшін бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу енгізіледі. Бірінші наурыздан бастап мұндай ережелер 8 облыстағы трассаларда қолданылады.

Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары "Бесінші жол-климаттық аймаққа" кіреді. Аталған уақытша шектеу шаралары 1 наурыздан 1 сәуірге дейін қолданылады", - делінген хабарламада.

Сайт Әкімшілігі