Саясат

Қазақстанның үш өңірі су тасқынының шарықтау шегінен аман-есен өтті

Актөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынының шарықтау шегі артта қалды. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: ТЖМ

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі ірі су қоймаларынан су белсенді түрде жіберіліп жатыр. Бұл тасқын суларын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін қажет.

Атап айтқанда:

  • Ақмола облысында Астаналық су қоймасынан секундына 53 текше метр, Сілеті су қоймасынан — 41,7 текше метр, ал Шағылы су қоймасынан — 7,5 текше метр су жіберілуде.

  • Шығыс Қазақстан облысында Өскемен су қоймасынан — 450 текше метр, Бұқтырма су қоймасынан — 465 текше метр су ағып жатыр.

  • Абай облысында Шүлбі су қоймасынан секундына 2100 текше метр су жіберілуде.

  • Қарағанды облысында Интұмақ су қоймасынан — 8 текше метр, Самарқан су қоймасынан — 2 текше метр.

  • Ұлытау облысында Кеңгір су қоймасынан — 81,4 текше метр.

  • Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан — 643,3 текше метр, Петропавл су қоймасынан — 1348 текше метр су жіберіліп жатыр.

Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отыр және барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: су тасқыны