Қоғам

Қазақтарды маймылға теңеген астаналық 4 жылға сотталды

Астана соты Наталья Свириденконы «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға түрмеге кесті, деп жазады  Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Свириденко 7 тамыз күні Tik-Tok желісінде қазақтарға тіл тигізіп, “бір-біріңді өлтіріп тастаңдар” деген. Мұнымен қоса, ол қазақтардың маймылға теңеп, “Қанды Қаңтар қырғыны кезінде Алматы мен Жаңаөзенде болған оқиғаларға өздерің жауаптысыңдар” деді. 

Сотталушы сотта кінәсін толық мойындады. 

 

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: маймыл Астана