Қоғам

«Қазатомөнеркәсіп» жыл басынан бері 8 мың тоннаға жуық уран сатқан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады.

Фото: Ақорда

Ақорда ақпаратынша, Мейіржан Юсупов
компанияның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы есеп берген. 

Сондай-ақ ол: 

▪️жыл басынан бері уран өндіру көлемі шамамен 11 мың тоннаға жеткенін және өнімді сату көрсеткіші 8 мың тоннаға жуықтағанын айтты;

▪️еліміздің минералды-шикізат базасын нығайту және толықтыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ ұлттық компанияның геологиялық барлау активтерінің портфелін одан әрі кеңейту жоспары туралы баяндады;

▪️«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы мекеме өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлгенін жеткізді. Осы орайда су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға да көмек берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және ресурстық базаны толықтыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырған. 

t.me/aqorda_resmi

Nazym Sapar
Тегтер: Ақорда