Қоғам

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшы ауруханада көз жұмды

Қазмырыш кәсіпорнының Өскемендегі металлургиялық алаңында болған оқыс оқиға кезінде жарақат алған жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы компания хабарлады.

Pixabay

Компанияның мәліметінше, 5 мамырда болған өндірістік апаттан ауыр жарақат алған қызметкер түнде көз жұмған.

Өскемен металлургиялық кешенінде болған жағдайға байланысты кәсіпорын марқұмның отбасына көңіл айтып, қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта оқиғаның салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеу де мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілуде.

Сондай-ақ Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарында өндіріс қуатын уақытша төмендету режимінде жұмыс істеп тұр.

Санжар Әділов бұған дейін жарылыстың негізгі себептері ретінде технологиялық талаптардың бұзылуы мен адам факторы қарастырылып жатқанын айтқан еді. Оның сөзінше, тергеу ҚР ҚК 156-бап бойынша жүргізілуде, нақты күдіктілер әзірге анықталмаған.

Сайт Әкімшілігі