Әлеумет

«Қазмырыш» жарылысынан зардап шеккеннің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр

Өскемен дәрігерлері «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы мәлімет берді.

Фото: ашық дереккөз

Оқиғадан кейін бірден облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа бес адам жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, олардың екеуінің жағдайы ауыр.

Ең ауыр хәлде жатқан 1980 жылы туған ер адам.

«Науқаста денесінің 90 пайызына дейінгі термиялық күйік бар, тыныс алу жолдары мен көздің қасаң қабығы зақымданған. Оның жағдайы өте ауыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр», – деді ШҚО медициналық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Нұрбикенов.

Тағы бір ауыр науқас – 1974 жылы туған ер адам. Оған бел омыртқасының сынуы диагнозы қойылып, травматология бөліміне жатқызылған.

Қалған үш қызметкер, олардың ішінде бір әйел бар, жеңіл жарақат алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Оқиға туралы не белгілі:
– Қайғылы жағдай 5 мамыр күні таңертең болған;
– Оқиға кезінде цех аумағында 32 адам болған;
– Жарылыс салдарынан ғимараттың бір бөлігі құлаған;
– Екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алған;
– Экологтар ауа сапасын тексеріп жатыр, ал апаттың себептерін арнайы комиссия анықтауда.

Сайт Әкімшілігі