Қоғам

«ҚазМұнайГазға» жаңа басшы тағайындалды

«ҚазМұнайГазға» жаңа басқарма төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Фото: из открытых источников

«Самұрық-Қазына» қоры Мағзұм Мирзағалиевтің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кеткенін мәлімдеді. Оның міндетін атқарушы болып энергетика вице-министрі Асхат Хасенов тағайындалды. Ол акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін компанияны уақытша басқаратыны айтылған.

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Хасеновті ҚМГ ұжымымен таныстырып, оның қабілетіне сенім білдірді. Ол сондай-ақ Мағзұм Мирзағалиевке компания басшысы ретіндегі еңбегі үшін алғысын білдірді, делінген хабарламада.

Фото: egemen.kz

Nurbike Beksultan
Тегтер: ҚазМұнайГаз