Әлеумет

Кемероводағы өрттен керекулік тұрғын көз жұмған

Еңбек демалысына шыққан 57 жастағы Марина БАРАНОВА Кемеровода тұратын қызына қонаққа кеткен.

Jasalash.kz
«Зимняя вишня» ойын-сауық орталығына қызы және үш немересімен бірге қыдырып барған екен. Ақыры іште тұтанған өрттен Марина Баранова мен оның қызы Наталья УСТИНОВА, сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған үш немересі қаза болған. 57 жастағы керекулік тұрғынның өзі Ресей азаматтығын алған. Бірақ, Павлодарда жұбайымен бірге тұрып келген. Қайғылы жағдайды естіп білген оның күйеуі қазір Ресейде.Марқұмдарды жерлеу рәсімі 28-ші наурыз күні Кемерово қаласында өтеді.Естеріңізге сала кесек, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласындағы ойын сауық орталығында өрт шығып,64 адам өртеніп кеткен. Соңғы мәлеметтерге сүйенсек, ажал құшқандардың  41-і бала. Өрттен кейін арнайы келген Ресей президенті Владимир ПУТИН жедел жиын өткізіп, апатқа немқұрайдылық пен салғырттық себеп болды деп мәлімдеме жасаған еді. Сондай-ақ, қайғылы жағдайға жол бергендерді анықтауды тапсырды. Ал «Павлолар-Водоканал» ЖШС-де техникалық бақылау бөлімінде жетекшілік еткен Марина Баранованың әріптестері оның бақилық болғанына әлі де сенбей отыр. Ұжымындағы мамандар болса, марқұмның ақ көңіл жан болғанын айтаты.-Марина Ивановна өте ашық, адал, ақ көңіл кісі болатын. Өз ісінің маманы десем артық айтпаймын. Кемеровода болған өртте қайтыс болыпты дегенді естігенімізде түсінбей қалдық. Сондағы балаларына кеткен еді. Қызы мен немерелері де тіл тартпай кетіпті. Бұл біздің ұжым үшін де үлкен қайғы. Осында бірге істеген әріптесі, әрі құрбысы жерлеуге аттанады, -дейді «Павлодар-Водоканал» ЖШС қызметкері Раиса ШМИТ.

Әйгерім Жетпісова, Павлодар

Фотолар: livejournal.com,«Одноклассники» әлеуметтік желісі

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега