Қоғам

Кенесары хан жайлы айтқан қырғызстандық студент қыздардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстандық екі студенттің тікелей эфир кезінде Кенесары хан туралы айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді.

Фото: әлеуметтік желіден

Кейін қыздар қазақ халқынан кешірім сұрап, ешкімді кемсіту ниеті болмағанын мәлімдеді.

"Біз сіздерден шын жүректен кешірім сұраймыз. Қандай жағдай болмасын, өзге халықтың намысына тиетін сөз айтуға болмайды. Біз ешқашан қазақ халқын кемсітуге немесе қаралауға мақсат қойған жоқпыз", – деген еді олар.

Алайда екі студентке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев хабарлады.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс бойынша процестік шешім Қазақстан заңнамасына сәйкес қабылданады.

Сайт Әкімшілігі