Қоғам

Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Фото: Ақорда

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Сайт Әкімшілігі