Өңір

Кентаудың тұрғыны полициямен неге төбелесіп жүр? (видео)

Түркістан облысыКентау қаласының полицейлері карантин режимін бұзғанына қарамастан тәртіпсақшыларына қол көтерген жергілікті тұрғынды ұстады.

Jasalash.kz

Бұл туралы Кентауқалалық полиция бөлімі хабарлады.

Кентау қалалық ПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлерітөтенше жағдай режимін бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша қызмет атқарукезінде көшеде бетпердесіз жүрген ер адамды тоқтатқан. Тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөлімінежүруді өтінген кезде, тәртіп бұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарынабағынбаған, күш қолданып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған. Оқиғаорнына Кентау қ. ПБ-нің жедел-тергеу тобы шықты. Күдікті ұсталды, ол бұрынесірткі ұрлағаны және сақтағаны үшін сотталған Кентау қаласының тұрғыны болыпшықты. Аталған жай Кентау қаласы ПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудіңбірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен (билікөкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда осы бап бойыншасотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Кентау қалалықсотының шешімімен күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпаушарасы қолданылды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега