Әлеумет

Кереку өңірінде көмір құны 10 пайызға  қымбаттады

Облыстық статистика департаменті мамандарының хабарлауынша, күн суытқалы қатты отынның бағасы 9,6 пайызға өскен.

Jasalash.kz
Қазірде облыс орталығында көмір тасымалдаумен айналысатын компанияларда бұл отынның  түр-түрі бар. Ал бір тонна көмірдің құны 8 мыңнан 17 мыңға дейін барады. Құны сапасына байланысты. Жергілікті, яғни Екібастұз қаласында өндірілетін көмір ең арзаны. Алайда, оның сапасы көңіл көншітпейді. Қарағандылық және семейлік көмірдің сапасы жоғары, бірақ 2-3 есе қымбат. Бір тонна қатты отынның нақты құнын анықтау үшін бірнеше компанияға хабарласып анықтадық.Майкүбі көмір (Баянауыл ауданы) – 12 мың теңге.Қаражыра көмір (ШҚО) – 13 мың теңге.Шұбаркөл көмір (Қарағанды облысы) – 17 мың теңге.Айта кету керек, облыстағы балабақша, білім ошақтары мен аурухана сияқты әлеуметтік нысандардың қазандықтары қазір көмірге толы. Десе де, көмір қорасы әлі де бос тұрған үйлер бар.-Былтырғы қалдық көмірді жағып отырмыз. Қатты аяз болса, сапалы көмір керек әрине. Ал сапасы жақсы көмірдің бағасы да жақсы. Биыл бар жиған-тергенімізді көмірге кетіретін түріміз бар, -дейді Ақсу қаласының тұрғыны Баян БАИСОВА. Қатты отынннан бөлек, қазан айында өңірде кейбір азық-түліктің бағасы да шарықтап кеткен. Мәселен, жұмыртқа – 11,8 пайызға, қант- 3,4 пайызға, құс еті – 2,9 пайызға, шұжық пен ет өнімдері – 1,2 пайызға дәрі-дәрмек – 0,3 пайызға өскен.Статистика департаменті мамандары таратқан ақпаратқа сүйенсек, өңірде көкөніс бағасы 5,8 пайызға арзандаған. Мәселен, қызылшаның құны – 18 пайызға, сәбіз -16 пайызға, сарымсақ пен картоп – 6,3 пайызға, ал орамжапырақтың бағасы – 4,7 пайызға төмендеген.Фото: sputniknews.kz
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега