Оқиғалар

ҚХП кандидаттары Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Қазақстан Халық партиясы өңірлердегі сайлауалды науқанын жалғастырып жатыр. Құрылтай депутаттығына кандидаттар Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Фото: ҚХП

Кездесуге академиктер, тарихшылар мен журналистер қатысты. Басқосу барысында қоғамды дамыту, білім беру және мәдениет салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қордың президенті Эльдар Қонаев кездесуде елдің өткенімен қатар, болашағы туралы да пікір алмасудың маңызды екенін айтты.

«Бүгін Қазақстанның өткені туралы ғана емес, еліміздің болашағына қандай көзқараспен қарайтынымыз, қазір немен өмір сүріп жатқанымыз және мемлекетімізге қалай көмектесе алатынымыз жөнінде әңгімелескіміз келді. Әрине, партияның алдағы дамуды қалай көретінін білгіміз келеді. Осы сайлау науқаны кейін Құрылтайды және Үкіметті қалыптастыруға атсалысып, жұмысын Қазақстан азаматтарының талап-тілегіне сай жүргізе алатын партияларды анықтаса дейміз», – деді Эльдар Қонаев.

Қазақстан Халық партиясының республикалық сайлауалды штабы бұдан кейін жұмысын Алматы облысында жалғастырады. Кандидаттардың өңірдегі еңбек ұжымдарымен кездесулері жоспарланған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ҚХП