Киев облысына дрон шабуылы: анасы мен екі баласы қаза тапты
20 қыркүйекке қараған түні Ресей Украинаға дрондармен жаппай шабуыл жасады.
Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері ел аумағына әртүрлі үлгідегі, оның ішінде реактивті 138 дрон жіберілгенін хабарлады.
Украина тарапының мәліметінше, таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша әуе қорғанысы 101 дронды атып түсірген немесе радиоэлектрондық құралдармен залалсыздандырған. 17 жерде дрондардың нысанаға тигені, тағы бес жерде олардың сынықтары құлағаны тіркелген.
Киев облысының Фастов ауданында шабуыл салдарынан анасы мен екі кішкентай баласы қаза тапты. Киев облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченконың хабарлауынша, соққыдан жеке тұрғын үйлер мен көліктер бүлінген.
Вышгород ауданында әйел мен бала зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ оқу орны мен автобусқа зақым келгені хабарланды.
Бұған дейін, 19 қыркүйекте Херсон облысындағы Червоный Маяк ауылында FPV-дрон монастырьге соққы жасаған. Украина билігінің мәліметінше, шабуылдан 71 жастағы дін қызметкері қаза тауып, тағы төрт дін қызметкері жараланған.