Киевке баллистикалық зымырандармен соққы жасалды
Киевке түнде баллистикалық зымырандармен соққы жасалып, қаладағы бірқатар нысан зақымданды.
Украина Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің мәліметінше, шабуылдан зардап шеккендер саны сегіз адамға жеткен. Бұл туралы ASTRA басылымы хабарлады.
Шабуыл салдарынан "Черниговская" метро станциясының рельстері мен кабельдік желісі бүлінген. Таңертең "Черниговская" және "Лесная" станциялары уақытша жабылды. Қызыл желідегі пойыздар "Академгородок" пен "Дарница" станцияларының арасында ғана қатынап жатыр.
Соломен ауданында зымыран қалдықтары 25 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатына және тұрғын емес ғимаратқа түскен. Алғашқы мәлімет бойынша, бұл ауданда үш адам зардап шеккен.
Днепров ауданындағы аумаққа да соққы тигені тіркелген. Бұдан бөлек, Киев облысының бірқатар елді мекені, соның ішінде Ирпень қаласы да шабуылға ұшыраған.