Қоғам

Киевке жасалған шабуылдан екі адам қаза тапты

Киевке түнде жасалған шабуыл салдарынан екі адам қаза тапты.

Фото: Telegraf

Олардың денесі Дарницкий ауданындағы гараж кооперативінде шыққан өрттен кейін табылған. Оқиға орнынан тағы екі адам құтқарылды.

Подольск ауданында қойма ғимараттары өртенсе, Оболонский және Шевченковский аудандарында адам тұрмайтын нысандарға соққы тигені хабарланды.

Ресей тарапы бірнеше облыста орналасқан Fire Point компаниясының кәсіпорындарына жаппай соққы жасалғанын мәлімдеді. Алайда Украина тарапы бұл ақпаратты растамады.

Украина билігінің мәліметінше, соққылардан азаматтық қоймалар және энергетикалық инфрақұрылым нысандары зақымданған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Киев шабуыл