Саясат

Ким Чен Ын Украинада қаза тапқан КХДР сарбаздарына арналған мемориалды ашты

Пхеньянда «Шетелдегі әскери операциялар мен күрестегі жетістіктерді еске алу мұражайы» деп аталатын мемориал ашылды. Ол Солтүстік Кореяның Ресей жағында Украинаға қарсы соғысқа қатысуына арналған.

Фото: KCNA/REUTERS

Бұл туралы DW жазды.

КХДР лидері Ким Чен Ын Пхеньянда Украина соғысында қаза тапқан солтүстіккореялық әскерилерге арналған мемориалды салтанатты түрде ашты. Салтанатты шараға Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин мен Ресей Қорғаныс министрі Андрей Белоусов қатысты. Ескерткіштің ашылуында сөйлеген сөзінде Ким Пхеньян мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты нығайту және Солтүстік Корея мен Ресей серіктестігін «қуатты бастионға» айналдыру қажеттігін атап өтті.

Солтүстік Кореяның соғыстағы шығыны

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы бесінші жылға ұласты. Солтүстік Корея Ресейге әскери қолдау көрсетіп келеді: Оңтүстік Кореяның барлау қызметінің (NIS) есептеуінше, Ресей жағында соғысу үшін КХДР-дан 15 мыңнан астам әскери қызметші жіберілген. Олардың 6000-ға жуығы қаза тауып, тағы 4000-ы жараланған.

Курск облысы үшін шайқас және марапаттар

26 сәуірде ашылған мемориал «Шетелдегі әскери операциялар мен күрестегі жетістіктерді еске алу мұражайы» деген атау алды. Салтанатты шара 2024 жылдың тамызында Курск облысының бір бөлігін басып алған Украина Қарулы күштерінің сол аймақтан толық шығуының бір жылдығына орайластырылған.

2026 жылғы 26 сәуірде Ресей Қорғаныс министрі Андрей Белоусов Пхеньянда «Курск облысын азат ету кезінде ерлік көрсеткен» Корея Халық армиясының (КХА) әскери қызметшілеріне «Ерлік» ордендерін табыс етті. Белоусов марапатталғандарды «біздің заманымыздың нағыз қаһармандары» деп атады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ким Чен Ын