Әлеумет

Ким Чен Ын армияны соғысқа дайындауды жеделдетті

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын армияны нығайтып, әскери бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын арттыруға басымдық беріп отыр. Бұл туралы КХДР Орталық телеграф агенттігі хабарлады

Фото: ашық дереккөз

Ким Чен Ынның айтуынша, армияны жаңғыртуда рота деңгейіндегі бөлімшелерді күшейту маңызды рөл атқарады. Оның пікірінше, роталардың әлеуетін арттыру – қысқа мерзімде бүкіл армияны жаңартудың тиімді жолы.

Анадолы агенттігінің мәліметінше, Солтүстік Корея басшысы әскери бөлімшелерді кез келген жағдайға дайын ұстау үшін жауынгерлік әзірлік жұмыстарын аяқтауға шақырған.

Бұған дейін, 21 қыркүйекте, Корея түбегіндегі демилитаризацияланған аймақта мина жарылып, Оңтүстік Кореяның үш әскери қызметшісі жарақат алған еді. Осы оқиғадан кейін екі ел арасындағы шиеленіс күшейді. Сеул болған жағдайға Пхеньянды айыптады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ким Чен Ын