Қоғам

Қырғыз көкпаршылары Қазақстан құрамасын реванш өткізуге шақырды

Қырғызстанның Көк бөрі федерациясы қазақ спортшыларын 1 қарашада Ыстықкөл жағасында Одақ кубогын өткізуге шақырды. Бұл туралы аталған федерацияның басшысы Рамис Жүнісалиев айтты.

Фото: ulttyqatsport.kz

«Даулы мәселелерді жою үшін біз қазақстандық тарапқа реванш өткізуді ұсынамыз. «Бірлік» жарысына көршілес елдердің спортшыларын шақырамыз», - деді ол.

Ұсыныс Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы спорттық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ әділ ойынды қамтамасыз етуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада (Қазақстан) өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар турнирінің финалында төбелес шығып, кездесу тоқтатылды. Бірінші таймның 13-минутында Қырғызстан құрамасы есепті 3:1 өз пайдасына шешті.

Қазақстан Республикасы құрамасының ойыншысы Ұлан Байтөреев қырғыз ойыншысы Кубанычбек Сұлтанды қамшымен ұрып жіберген. Осыдан кейін спортшылар  арасында дау туындады.

Nazym Sapar
Тегтер: көкпар