Без Категории

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келеді

18-19 сәуір күндері Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары өтеді.

Фото: из открытых источников

Сапар аясында екі елдің президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, Садыр Жапаров Қазақстандағы қырғыз киносы күндерінің ашылуына және басқа да бірқатар шараларға қатысады деп жоспарланған.

Фото: astanatv.kz

Nurbike Beksultan
Тегтер: Қырғызстан