Қоғам

Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кетті

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында сел тасқыны кезінде жоғалып кеткен мектеп оқушысын іздеу жұмыстары жалғасуда.

Фото: Қырғызстан

Жергілікті Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, азаматтық қорғаныс мамандары мен жергілікті тұрғындарды қоса алғанда 200-ге жуық адам жұмылдырылған.

Сонымен қатар Балықшы – Ананьево – Қаракөл автожолын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іске 14 арнайы техника тартылған.

Ведомствоның хабарлауынша, сел салдарынан із-түзсіз жоғалған азаматты іздеу әзірге нәтиже бермеген. Қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

Еске салайық, 5 маусым күні кешкі сағат 20:00 шамасында нөсер жаңбырдан кейін тау бөктері опырылып, сел жүрді. Лай мен тас аралас ағын Балықшы – Ананьево – Қаракөл тасжолының 92-шақырымын жауып қалған.

Сел салдарынан Mercedes-Benz Sprinter және Ford Mondeo көліктері лай астында қалып, екі адам зардап шеккен.

Құтқару операциясына барлығы 287 адам жұмылдырылды. Кейінірек 18 жастағы жігіттің мәйіті табылғаны белгілі болды. Ал жоғалған оқушыны іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі