Саясат

Қырғызстанда Шаирбек Ташиевті қайтадан тергеуге шақырды

Қырғызстанның ІІМ-і Шаирбек Ташиевті қайтадан тергеуге шақырды.

Фото: Kaktus media

Бұл туралы Kaktus.media редакциясына құқық қорғау органдарының өкілдері хабарлады.

Олардың айтуынша, 25 наурыз күні ІІМ тергеу қызметінің тергеушісі Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) экс-басшысы Камчыбек Ташиевтің ағасы Шаирбек Ташиевті тағы да жауапқа алған.

Айта кетейік, Шаирбек Ташиев бұған дейін де ІІМ-де жауап беріп, кейін депутаттық мандатынан бас тартқан еді.

Бұған дейін Қырғызстандағы әлеуметтік желілерде оның қаржылық жоспарлары мен жеке шығындарына қатысты әңгімелер жазылған аудиожазбалар тарап кеткен болатын.

Сайт Әкімшілігі