Қырғызстанда Тәшиевтің тағы бір орынбасары ұсталды
Қырғызстанда Тимур Шабданбеков пен тағы алты ҰҚК қызметкері ұсталды.
Бұл туралы Kaktus Media дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметке сәйкес, олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Ұстау шарасын әскери прокуратура жүргізген. Сонымен қатар тек арнайы қызмет өкілдері ғана емес, бұрын Камчыбек Тәшиевпен байланысы болған немесе оның қарамағында жұмыс істеген адамдар да тергеліп жатқаны айтылды.
Мәселен, «Ред Петролеум» компаниясының бас директоры да ұсталған. Оның әкесі бұған дейін Тәшиевтің Қырғыз футбол одағындағы орынбасары болған.
Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.