Саясат

Қытай Тайваньмен соғысуға дайындалып жатыр ма?

Әлем Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығыстарға назар аударып жатқанда, Азияда да геосаяси шиеленіс күшейіп барады.

Фото: gazeta.ru

Соңғы уақытта Қытайдың Тайваньға қатысты әрекеттері барған сайын агрессивті сипатқа ие болып отыр. Сарапшылар бұл жай оқу-жаттығулар емес, нақты басқыншылыққа дайындық деп отыр.

 Financial Times басылымына сұхбат берген Тайвань қарулы күштерінің жоғары шенді офицері:

«Қытайдың әскери-әуе күштері мен зымырандық бөлімшелері кез келген сәтте әскери әрекетке кірісе алады. Олар өздерінің күш-қуатын жасырмай көрсетіп отыр», - дейді.

Қытайдың әскери белсенділігі артып келеді:

  • Аспанда — әскери ұшақтар мен дрондардың Тайвань әуе аймағына жүйелі түрде енуі;
  • Суда — Қытай әскери-теңіз флотының Тайвань бұғазында жиі жаттығулар өткізуі;
  • Жерде — зымырандық бөлімшелердің жылдам әрекет ету жаттығулары мен шабуыл сценарийлері.

Әскери сарапшылардың айтуынша, бұл жаттығулар тек қорғаныстық сипатта емес, нақты шабуыл жоспарының бір бөлігі болуы мүмкін.

АҚШ барлау қызметінің бағалауынша: «Бейжің 2027 жылға қарай Тайваньды басып алуға толық дайын болуды мақсат етіп отыр. Қазірдің өзінде Қытай бірқатар стратегиялық және логистикалық мақсаттарға қол жеткізді».

Бұл дегеніміз – Қытай билігі уақыт ұту емес, нақты мерзімді жоспар құрып отыр деген сөз.

Сайт Әкімшілігі