Қоғам

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Қытайдың әскери соты бұрынғы қорғаныс министрлері Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфуды жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Фото: коллаж

Олар пара алды және пара берді деп айыпталғанын Синьхуа агенттігі хабарлады.

Екеуі де бұған дейін ҚХР Орталық әскери кеңесінің мүшесі болған, мемлекеттік кеңесші мәртебесіне ие болып, елдің қорғаныс министрлігін басқарған.

Сот оларға бірдей жаза тағайындады: екі жылға кейінге шегерілген өлім жазасы, өмір бойына саяси құқықтарынан айыру және барлық мүлкін тәркілеу.

Қытай заңнамасына сәйкес, егер екі жыл ішінде жаңа құқықбұзушылық тіркелмесе, бұл жаза өмір бойғы түрме жазасына ауыстырылуы мүмкін. Кей жағдайда кейін жаза мерзімі 25 жылға дейін қысқартылуы ықтимал.

 

Сайт Әкімшілігі