Қытайда ұйғыр, тибет және моңғол тілдерінің қолданысын шектейтін заң қабылданды
Қытайдың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы «Ұлтаралық бірлік пен прогреске жәрдемдесу туралы» заңды қабылдады. Құжат 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Жаңа заңға сәйкес, путунхуа (стандартты қытай тілі) ел бойынша білім берудің міндетті тілі ретінде бекітіледі. Билік бұл бастаманы Қытайдағы 56 этносты біртұтас «қытай ұлты» ретінде біріктіруге бағытталған қадам деп түсіндіреді.
Заң аясында Ішкі Моңғолиядағы моңғол тілінің қолданылуының қысқаруы, Тибеттегі ана тілінде білім беру мүмкіндіктерінің шектелуі және Шыңжаңдағы (Шығыс Түркістан) ұйғыр тілінің қолданылуының азаюы сияқты бұрыннан жүргізіліп келе жатқан саясат жалғасады.
Бейжің бұл өзгерістерді өңірлерді дамыту және білім беру сапасын арттырумен байланыстырады. Алайда бірқатар сарапшылар мен құқық қорғаушылар мұны этникалық азшылықтарды қытай тілі арқылы ассимиляциялауға бағытталған саясаттың бір бөлігі деп бағалайды.
Сондай-ақ заңның талаптары шетелдегі қытай диаспорасына да қатысты болатыны айтылып, бұл өз ана тілін сақтап отырған этникалық қауымдастықтарға ықпал етуі мүмкін екені көрсетілген.