Аймақ

Қытайдың экс-премьер-министрі Ли Кэцян қайтыс болды

Қытайдың экс-премьер-министрі Ли Кэцян 68 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Ол 2023 жылдың наурызына дейін ел үкіметін 10 жыл басқарды және либералдық реформаларды жақтаушы ретінде танымал болды.

Жергілікті телеарнасының айтуынша, Ли Кэцян жүрек ұстамасынан қайтыс болған.

«Экс-премьерді аман алып қалу үшін дәрігерлер барлық шараны қабылдады. Алайда Шанхай уақытымен 27 қазан сағат 0:10-де саясаткер дүние салды», - делінген хабарламада.

Ли Кэцян 2013 жылы Қытайдың премьер-министрі болды және бір кездері Қытай Коммунистік партиясының ықтимал көшбасшысы саналған. 

«2012 жылдан 2022 жылға дейін Ли Кэцян Қытай Коммунистік партиясының иерархиясындағы екінші адам болды; 2012 жылдан 2023 жылға дейін ол АҚШ-пен «сауда соғысы» және пандемия кезеңінде үкіметті басқарды», деп хабарлайды РИА Новости.

Т. РАУШАНҰЛЫ