Қоғам

Қытаймен визасыз келісім қашан күшіне енеді

Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады

Фото: из открытых источников

Визасыз режим туралы заңнама 4 тамызда қабылданғанымен іс-жүзінде азаматтар әлі де виза алуы тиіс болатын.

Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді.

Қазақстан азаматтары Қытайға шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен аспайтын мерзімге, алты ай ішінде барлығы 90 тәулікке кіре алады.

2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында аталған келісімге қол қойылған еді. 

Т. РАУШАНҰЛЫ