Әлеумет

ҚМДБ чайлдфри идеологиясына қатысты ұстанымын жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) саналы түрде бала сүюден бас тартуды насихаттайтын чайлдфри идеологиясына қатысты көзқарасын білдіріп, бұл құбылысты қазіргі қоғамдағы өзекті әлеуметтік және мәдени мәселелердің бірі деп атады.

Фото: ашық дереккөз

Басқарманың мәлімдеуінше, исламда ұрпақ өрбіту ерлі-зайыптылардың ортақ құқығы саналады. Сондықтан жұбайлардың бірі бала сүюді қаласа, екіншісі оған кедергі келтірмеуі тиіс.

ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, шариғатта жүктілікті уақытша кейінге қалдыруға белгілі бір жағдайларда ғана рұқсат беріледі. Олардың қатарына болашақ ата-ананың бала тәрбиесіне дайындалуы немесе денсаулығын қалпына келтіру қажеттілігі жатады.

Сондай-ақ басқарма жауапкершіліктен қорқу немесе қаржылық қиындықтарды алға тартып, жүктіліктен әдейі бас тарту шариғат қағидаттарына сәйкес келмейтінін атап өтті.

ҚМДБ мәлімдемесінде отбасы құндылықтарын нығайту мен ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығына ерекше назар аударылған.

Сайт Әкімшілігі