Қоғам

ҚМДБ ораза кестесін жариялады

2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталып, 9 сәуірге дейін жалғасады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қалалар бойынша Ораза күнтізбесін жариялады.

Фото: freepik

Сонымен қатар, ведомства пітір садақа мөлшерін де мәлімдеді. 

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚМДБ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін  https://www.muftyat.kz/kk/page/ramadan сілтемесі бойынша көруді ұсынады. 

Фото: freepik

Т. РАУШАНҰЛЫ